Карантин кезеңінде әртүрлі спорт түрлері бойынша 41 255 онлайн жаттығу ұйымдастырылып, өткізілді, оған 150 мыңнан астам адам қатысты
Бұқаралық спортты дамыту шеңберінде қала тұрғындарын спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін 2020 жылы 700-ден астам спорт алаңы пайдалануға берілді: олар-шағын футбол, баскетбол, волейбол алаңдары мен воркаут алаңдары, әмбебап балалар алаңдары. Соның ішінде Жетісу ауданында «Жекпе-жек орталығы» бірегей жобасы жүзеге асырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Спортпен айналысуға арналған ашық мектеп залдары және мектеп стадиондарын жаңғырту (МЖӘ арқылы 12 мектеп стадионын жаңғырту жүргізіледі, жалпы алғанда 100-ден астам мектеп стадионын жаңғырту талап етіледі).
Қала аудандарында жаңа секцияға (баскетбол, футбол және т.б.) жаттықтырушылар бөлінді.
Қазіргі уақытта ҚР МСМ Спорт комитетімен бірлесіп балалар мен жасөспірімдерді спортпен жаппай қамту бойынша жаңа бағытты іске асыру үшін қаланы республиканың пилоттық үш өңіріне қосу бойынша жұмыс жүргізілді. Сондай-ақ адам басына шаққандағы мемлекеттік қаржыландыруды барынша аз қамтамасыз ету үшін әдістеме мен нормативтер жасау жөніндегі ұсыныстарды пысықтау үшін «фокус-топ» құрылды. Сондай-ақ спорт түрлері бойынша Алматы қаласы құрама командаларының Қазақстан Республикасының чемпионаттарына және Алматы қаласында өтетін ҚР қысқы спартакиадасына дайындық жүргізуде.
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша «Шетсіз қала» жобасы аясында Наурызбай, Алатау, Түрксіб және Жетісу аудандарының тұрғындары үшін спорттың қолжетімділігіне басымдық берілді, сондай-ақ «Жаңа Алматы» бағдарламасына сәйкес жоғарыда аталған аудандарда секциялар кеңеюде.
Алты спорт секциясы ашылды, олардың арасында:
- Наурызбай ауданының «Таусамалы» шағын ауданында жүзу бөлімінің;
- «Халық Арена» МС үстел теннисі және велоспорттан бөлім ашылды (бастауыш топтарға балаларды қабылдау жүруде)
- Алатау ауданының Ұлжан-2 шағын ауданында бокс секциясы және материалдық-техникалық базасы нығайтылды;
- Шаңырақ шағын ауданында үсьел теннисінен секциялар.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы Жетісу, Медеу және Түрксіб аудандарында 5 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды, аяқталу мерзімі – 2021 жыл.
Сондай-ақ, Алатау ауданында жабық және ашық корттары бар теннис орталығының құрылысы басталды. Осы жылдың соңына дейін аталған жоба іске қосылады. Сондай-ақ Әуезов ауданында шахмат бөлімін ашу жоспарлануда. Алматы қаласы білім басқармасының желісі бойынша 52 мектеп стадионын жаңғырту үздіксіз жүргізілуде.
2020 жылы «Спорттық Алматы» және «АСБ балаларына бейімделген сырғанау» әлеуметтік жобаларына 149 095 бала қатысқанын атап өткен жөн. Токиода өтетін XXXII жазғы Олимпиада ойындарына қатысу үшін кемінде 15 лицензия алу үшін спортшыларды даярлау жүргізілуде.
Карантин кезеңінде әртүрлі спорт түрлері бойынша 41 255 онлайн жаттығу ұйымдастырылып, өткізілді, оған 150 мыңнан астам адам қатысты.