Қала әкімімен кездесу: тұрғындар көтерген мәселе қалай шешіледі

Almaty TV
Almaty TV

Белгілі бір аумақтардағы жолдарды жөндеу мәселесін көтерді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Жолдарды жөндеу және автобустарды жаңарту» - Алматы әкімімен кездесуде қала тұрғындары айтқан мәселелер қалай шешіліп жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездесуінен кейін әкімдіктің баспасөз қызметі алдыңғы кездесу барысында берілген тапсырмалардың қалай орындалып жатқанын хабарлады.

Аудан тұрғындары қоғамдық көліктің ескі екеніне шағымданды. 2023 жылдың қорытындысы бойынша №8, 13, 17, 38, 46, 47, 69 маршруттағы автобустар жаңартылды. Барлығы 130 автобус. Мысалы, №17 маршруттағы ISUZU маркалы 8 метрлік автобустар 2023 жылғы ZhongTong маркалы 10 метрлік автобустарға ауыстырылды.

Сонымен қатар тұрғындар белгілі бір аумақтардағы жолдарды жөндеу мәселесін көтерді. Өткен жылы Рысқұлов даңғылынан Алматы-1 теміржол вокзалына дейінгі Сейфуллин даңғылында полимерлі қоспаларды қолдана отырып, ұзындығы 5,4 км жол жабынына орташа жөндеу жүргізілді. «Vision Zero» бағдарламасы аясында тротуарлар ішінара жөнделіп, арық науалары ауыстырылып, қауіпсіздік аралдары орнатылды. Әрі Арал және Байрон көшелерінің аумағына асфальтбетон жабыны төселді.

«Қайрат» шағынауданында кейбір тұрғын үйлер мен мектепке баратын жолдарда шағым бар. Жөндеу аясында ұзындығы 3 км учаскеде асфальтбетон жабыны төселіп, жаяу жүргіншілер тротуарлары жабдықталды.

Бұған қоса, қала әкімінің тапсырмасымен аудандағы Рысқұлов даңғылы, Сүйінбай, Майлин, Шолохов, Ақан сері сынды 5 магистральдық көше бойында ұзындығы 23 км техникалық тротуарлар жасалды.

Оқи отырыңыз: 10 мың текше метр шығарылды: Ерболат Досаев Алматыдағы қар күреуге қатысты пікір білдірді

Новости партнеров