Фотосуретшілер Алим Хайдаров пен Бауыржан Сәбитовтың жұмысында Алматының түрлі кезеңдері бейнеленген.
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Қала күніне арналған «Проявленная пленка» атты бірегей фотокөрмеге барып қайтты, деп хабарлайды Almaty.tv. Бұл туралы қала әкімі өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді.
Фотосуретшілер Алим Хайдаров пен Бауыржан Сәбитовтың жұмысында Алматының түрлі кезеңдері бейнеленген.
«Бір кездегі тыныш көшелер даңғылға айналды. Бүгінде оны сол күйінде сақталған тарихи ғимараттары мен нысандары арқылы тануға болады. Бұрын қаңырап, бос жатқан жерде қазір жайқалған қала бой көтерді. Екі шебердің қалаға арнап жасаған сыйлығына ризамын. Жаңа шығармашылық табыстар тілеймін!» – деп жазды Б.Сағынтаев.
Қаланың тарихымен жақынырақ танысқыңыз келсе, Достық даңғылы, 44 мекен-жайындағы фотокөрмеге барыңыз. Санитарлық қауіпсіздік талаптарына сәйкес галереяға бір уақытта 15-тен артық адам кіре алмайды.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b)20 Сен 2020 в 7:58 PDT