|
01.12.2023 | 09:30
2419

Алматы тағы жаңа троллейбустармен толығады

Бүгінде қалаға 55 троллейбус жеткізілді

Алматы тағы жаңа троллейбустармен толығады қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгінде қалаға 55 троллейбус жеткізілді, оның 19-ы №1, №9, №12, №5, №11, №25, №7, №19, №6 маршруттарға берілді. Алматыда көрсетілген бағыттар бойынша тағы 17 жаңа троллейбус қосылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Техникалық дайындықтан өткен жаңа троллейбустар жолаушылар тасымалына шығады, соның нәтижесінде барлық 9 троллейбус бағыты бойынша 60% жаңа троллейбус жолға шығады.

Бұрын хабарланғандай, Алматының №1 троллейбус паркі Yutong ZK6128BEVG 12 метрлік төмен еденді троллейбустардың бірінші партиясын алды. Жылжымалы құрам Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен соңғы 11 жылда алғаш рет жаңартылып жатыр.

Жаңа "Ютонгтар" жолаушылардың жайлы әрі қауіпсіз қозғалысы үшін барлық қажетті құрылғымен жабдықталған, электр қуаты өшіп қалса да батареямен жүре алады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир