Алматыда өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі өсті

27.09.2023 14:30

Экономиканың негізгі алты саласының серпінін сипаттайтын қысқа мерзімді экономикалық индикатор 115,2%-ға жетті

www.gov.kz

2023 жылдың қаңтар-тамызы аралығындағы қорытынды бойынша Алматы қаласында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің өсу қарқыны жоғары, деп хабарлайды Almaty.tv.

Экономиканың негізгі алты саласының (өнеркәсіп, сауда, көлік және қоймалау, ақпарат және байланыс қызметтері, құрылыс, ауыл шаруашылығы) серпінін сипаттайтын қысқа мерзімді экономикалық индикатор 115,2% -ды құрады.

Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 21,7% өсіммен 1 303,8 млрд теңгеге дейін ұлғайды, бұл елдегі ең жоғары өсу қарқынын көрсетті (+3,8%). Бұл ретте өңдеу өнеркәсібі 20,2%-ға 1 117,6 млрд теңгеге дейін өсті.

Құрылыс 3,8%-ға өсті, орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 322,3 млрд теңгені құрады. 2023 жылғы қаңтар-тамызда өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 22,5% өсіммен 1 486,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Бөлшек тауар айналымының көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,2%-ға ұлғайып, 3 525,8 млрд теңгені құрады. Көтерме сауда айналымы 20,3%-дық  өсіммен 9 455,6 млрд теңгені құрады.

Көлік және қойма қызметтері 16,5%-ға, ақпарат пен байланыс 3,3%-ға өсті.

2023 жылғы қаңтар-тамызда қала экономикасына негізгі капиталға 876,9 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл ретте жеке инвестициялар 2022 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 4,8%-ға өсті.

2023 жылдың тамызында іскерлік белсенділік индексі 55,2%-ды құрады және республика бойынша көшбасшы орын алады.

Сыртқы сауда айналымы (ЕАЭО елдерінсіз) 2023 жылғы қаңтар-шілдеде 34,6% өсіммен $1 14 369,4 млн құрады. Бұл ретте экспорт 23,8%-ға ұлғайып, $2 605,2 млн құрады.