Алматыда автобустар саны көбейді

28.12.2023 14:32

Жоспарланған қозғалыс аралығы 25 минуттан 7 минутқа дейін қысқарады

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласында 28 желтоқсаннан бастап №32 маршруттағы жылжымалы бірліктер саны 15-тен 25 автобусқа дейін көбейеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Осылайша, жоспарланған қозғалыс аралығы 25 минуттан 7 минутқа дейін қысқарады.

Естеріңізге сала кетейік, бұл бағытты биыл желтоқсанның соңына дейін күшейту туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы әкімі Ерболат Досаев айтқан. Жалпы, 2023 жылы 600 жаңа автобус сатып алынды, олар дайын болған бетте жолаушылар көп жүретін маршруттарға шығады.