Алматыда "2020 жылғы қазақстандық журналистика: сын-қатерлер мен мүмкіндіктер" тақырыбында дөңгелек үстел өтеді

17.11.2020 14:35

Жобаның негізгі мақсаты - халықты сенімді ақпаратпен қамтамасыз ету үшін БАҚ өкілдерінің қаржылық, құқықтық, медициналық, діни, цифрлық сауаттылығын арттыру

sacramento.cbslocal.com

2020 жылы 17 қарашада, сағат 12:00-де БАҚ көшбасшылары мен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі өкілдерінің қатысуымен «2020 жылғы қазақстандық журналистика: сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді. Дөңгелек үстел Media Café-де (Алматы қ., Қашғар к-сі, 69), сондай-ақ ZOOM алаңында онлайн-форматта өтеді.

2020 жылы коронавирус пандемиясына байланысты медиа тұтыну айтарлықтай өсті. Мәселен, сәуір айында Қазақстандағы трафик бойынша ақпараттық материалдарға деген сұраныс 72,5 млн. дейін өскен. Сонымен қатар, карантин барлық уақыт шектеулерін жойды. Ақпарат таңертең, түсте және түнде бірдей тұтыныла бастады. Журналистердің жүктемесі де артты. Бір жағынан, үлкен және сапалы контентті шығару қажеттілігі туындады, екінші жағынан, журналистер күн сайын теріс ақпарат пен жалған жаңалықтармен күресуге мәжбүр. Дөңгелек үстелде медиа және басқа да салалардың көшбасшылары 2020 жылы журналистер үшін негізгі сын-қатерлер мен мүмкіндіктерді қарастырады. Сондай-ақ БАҚ өкілдеріне арналған 5 апталық онлайн-тренингтер курсының қорытындысын шығарады.

Спикерлер қатарында:

1) Кемелбек Ойшыбаев – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің вице-министрі,

2) Арманжан Байтасов – Forbes Kazakhstan басылымының иесі,

3) Нұржан Мұхамеджанова – «Алматы» ТА бас директоры,

4) Рустам Мақсұтов – «Business FM» радиостанциясының бас директоры,

5) Мира Халина – «Inbusiness.kz» информ-агенттігінің директоры,

6) Венера Рахимжанова – «Тұран-ТВ» ТА бағдарламалар директоры

7) Зәуреш Балкенова – «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі,

8) Бақытжан Жақыпов – Құрметті  судья, заңгер

9) Ольга Ким - Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ халықаралық коммуникациялар кафедрасының меңгерушісі жіне басқалар.

Іс-шараны «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша «Халыққа қаржы, құқық, медицина, дін және цифрландыру саласындағы мәселелі сауалдар бойынша ақпаратты жеткізудің тиімділігін арттыру» әлеуметтік жобасы шеңберінде «Almaty Nomad» саяхатшылар клубы» ҚБ ұйымдастырады. 

Жобаның негізгі мақсаты - халықты сенімді ақпаратпен қамтамасыз ету үшін БАҚ өкілдерінің қаржылық, құқықтық, медициналық, діни, цифрлық сауаттылығын арттыру.

Байланыс номері: Мадина Ашилова +77059156767, madina.almatytv@mail.ru