Алматыда үш күнге қоғамдық көліктердің жұмысы тоқтатылады

31.07.2020 02:00

Қоғамдық көлікте маска кимей отыруға тыйым салынған

kapital.kz

Алматыда үш күнге яғни 31 шілдеден 2 тамызға дейін қоғамдық көліктердің жұмысы тоқтатылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы бүгін Алматының Көлік холдингі әлеуметтік желіде хабарлады. Мұндай шешім қаланың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес шығарылып отыр. Айта кетейік, демалыс күндері метрополитен де жұмыс істемейді. Ал 3 тамыз таңғы сағат 06:00-ден бастап қоғамдық көліктер әдеттегідей жолға шығады. Есте болса, қала әкімдігі аталған шара қауіпті індетті жұқтырғандардың санын азайту мақсатында қолға алған. Қабылданған шешімді инфекционист дәрігерлер де құптайды. Себебі,вирусты  демалыс күндері жұқтыру дерегі артады.

«Бәрімізге белгілі коронавирус инфекциясының ауа тамшылары арқылы жұғатыны, коронавирустық емес басқа да респираторлы вирустардың ауа тамшылары арқылы жұғатыны бәрімізге мәлім. Біздің тәжірибемізде байқағанымыздай жолаушылар әрдайым көлікте тасымалдау кезінде бетперде кию деген талапқа және арақашықтықты сақтап отыру деген талапқа бағынбай, сондай ереже бұзушылықтардың көп анықталғаны бәрімізге мәлім. Сондықтан осы аурудың тағы да бас көтеріп кетпеуі үшін, осы аурудың тағы да көбірек тарап кетпеуі үшін бұл қабылданған шешімді өте орынды, дұрыс қабылданған деп ойлаймын», – деді С. Ж. Асфендияров атындағы ҚАЗҰМУ кафедра оқытушысы, жоғары санаттағы дәрігер Күміскүл Умешева.