Алматыда қоғамдық көлікте маска режимін камера бақылайтын болады

06.08.2020 14:36

Құрылғы адамдардың маска киген, кимегенін түсіреді

Қоғамдық көлікте санитарлық-эпидемиологиялық ережелердің сақталуын бақылайтын пилоттық жоба іске қосылды. Бұл туралы қала басшысы Бақытжан Сағынтаев өзінің Instagram парақшасында арнайы видеоролик жариялаған болатын, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Ақылды» камералардың көмегімен алғашқы үш күнде-ақ автобустардағы әлеуметтік қашықтықтың сақталмағаны анықталды. 52 адам бетпердесіз болса, 89 адам оны дұрыс кимеген. Тестілеу жалғасады», – деді қала әкімі.