|
01.02.2024 | 09:37
374

Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтеді

IT және бизнес саласындағы жетекші инноваторлар өз ойларын ортаға салады

Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтеді elements.envato.com

1-3 ақпанда Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы өтеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.

Оған Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан үкімет басшылары мен Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының басшысы қатысады. Сондай-ақ ЕАЭО жанындағы бақылаушы мемлекеттердің өкілдері, ТМД Бас хатшысы және Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы шақырылды.

Отырыстың күн тәртібінде сауда-экономикалық ынтымақтастық, ЕАЭО-ның интеграцияланған ақпараттық жүйесі және тағы басқа мәселелер қамтылған.

Ертең ЕАЭО елдерінің Премьер-министрлері жыл сайынғы «Digital Almaty» форумының пленарлық отырысына қатысады.

Панельдік пікірталастар шеңберінде халықаралық сарапшылар, сала көшбасшылары, IT және бизнес саласындағы жетекші инноваторлар қатарынан 200-ден аса спикер өз ойларын ортаға салады.

Оқи отырыңыз: Алматылық оқушылар Үндістанда өткен робототехника чемпионатынан жүлделі оралды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир