Бүгінде жұмыс қарқынды жүріп жатыр
Қатты жауын-шашын кездерінде ауданның 12 аумағын тұрақты түрде су басып қалады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Аталған аумақтарды су басу мәселесі ағымдағы жылдың қараша айында шешіледі. Бүгінде жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Мақатаев көшесінің бойындағы коллектордың 3,6 шақырымын қалпына келтіру, 2,3 шақырым канал желілерін салу және Райымбек даңғылы бойындағы каналдың 1,6 шақырымын салу жоспарланып отыр", - деді Ерболат Досаев.
Мегаполис әкімінің айтуынша, күзде 2024 жылдың соңына дейін жүргізілетін 52 учаскедегі 34 шақырымдық арық желісін қайта жаңғырту және салу бойынша ауқымды жұмыстар басталады. Қазіргі уақытта мердігерді анықтау бойынша конкурстық процедура жүріп жатыр.