Сауалнаманы «Алматы бас жоспары» ҒЗИ» ЖШС Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Қолданбалы урбанистика институтымен бірлесіп әзірледі, деп хабарлайды Almaty.tv.
Зерттеудің мақсаты қалалық инфрақұрылымды одан әрі жақсарту үшін идеялар мен ұсыныстарды жинау.
"Жауаптардың негізінде біз вернакулярлық аудандардың картасын ала аламыз, алматылықтар қаланы қалай көруді қалайтыны, оларды не шабыттандыратыны, нені жақсарту керектігі айқындалады. Нақты учаскелер бойынша сұранысты анықтай отырып, біз олардың сапалы өзгеруін жүзеге асыра аламыз. Сондай-ақ бізге жауапкершілік алып, даму жобаларына қатысуға дайын, қаланың дамуына немқұрайлы қарамайтын қала тұрғындарының пікірі аса маңызды", - деді «Алматы бас жоспары» ҒЗИ» ЖШС директоры, сәулетші Асхат Садуов.
Нәтижесінде сауалнама бас жоспарды және дамудың бас жоспарларын сапалы әзірлеуге қажетті база ретінде пайдаланылады. Сауалнама 43 сұрақтан тұрады.
Сауалнамадан «Алматы бас жоспары» ҒЗИ» ЖШС, Q-Lab қалалық жобалар зертханасының, Алматы қаласы қалалық жоспарлау және Урбанистика басқармасының интернет-ресурстарында, ХҚКО-ларда және метрода өтуге болады.
Сауалнаманың QR-коды LED-экрандарда, аялдамаларда, қоғамдық көлікте қолжетімді.