Алматыда Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

28.10.2023 15:09

Жәрмеңкеде 50-ден астам өнім түрлері ұсынылады

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі

28-29 қазанда сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін Шығыс Қазақстан облысының 5 ауданы мен Өскемен қаласынан шаруа қожалықтарының қатысуымен кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жәрмеңкеде 50-ден астам өнім түрлері (ет, сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімдері, өсімдік және жануар майы және т.б) ұсынылады. Өнімнің жалпы көлемі – 200 тонна, оның ішінде ет – 35 тонна, жеміс – көкөніс – 70 тонна, сүт – 15 тонна, бал - 50 тонна, балық – 5 тонна, өзгелері - 25 тонна.

Өтетін орны: Шевченко көшесіндегі «Шоқан Уәлиханов» алаңы, Қонаев көшесі мен Пушкин көшесінің арасында.