Алматының бірнеше көшесінде жол қозғалысы шектеледі

29.05.2023 14:39

Тұрғындарға қолайлы жағдайды сақтау үшін олардың үйіне ыстық су уақытша схема бойынша беріледі

ашық дереккөзден

Алматы қаласының бірнеше көшелері бойынша автомотокөлік қозғалысына шектеулер жылу желілерін жоспарлы қайта құрылымдауға байланысты енгізілетін болады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Алматы жылу жүйесі» ЖШС сілтеме жасап.

«29 мамырдан 30 тамызға дейін Алмалы ауданында - Бөгенбай батыр көшесінің солтүстігіне қарай Байтұрсынов көшесінен Наурызбай батыр көшесіне дейін аула ішілік аумақ бойынша.

31 мамырынан 1 тамызына дейін Жетісу ауданында - Расков көшесінен Есенов көшесіне және одан әрі Колпаковский көшесімен №143 мектеп-лицей ғимаратына дейін.

1 маусым мен 30 тамыз аралығында Әуезов ауданында - Шаляпин көшесінің солтүстігіне қарай Момышұлы көшесінен Саин көшесіне дейінгі аула ішілік аумақ бойынша.

Енгізілген шектеу аталған көше сегменттерінің жүріс бөлігінің астында өтетін құбырларды қайта құрылымдау бойынша жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет.

Тұрғындарға қолайлы жағдайды сақтау үшін олардың үйіне ыстық су уақытша схема бойынша беріледі.

Мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және аталған қалалық учаскелерді айналып өту жолын алдын ала қарастыруды сұраймыз», делінген хабарламада.