Алматының Түрксіб ауданындағы бірқатар ғимаратта ыстық су болмайды

17.06.2022 14:42

Шектеулер «Алматыжылужайэнерго» ЖШС қазандықтарында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін енгізіледі

Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты

Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы ғимараттардың бір бөлігі ыстық судан уақытша ажыратылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

"2022 жылғы 20-24 маусым аралығында Түрксіб ауданының аумағындағы Орджоникидзе – Кожедуба – Гёте – Читинская; Кассина – Буденного – Бехтерев – Жумабаева көшесінің контурында, сондай-ақ Элеваторская – Щелково – Сүйінбай көшесінің контурында орналасқан тұрғын үйлерге және өзге де ғимараттарда ыстық су болмайды. Шектеулер «Алматыжылужайэнерго» ЖШС қазандықтарында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін енгізіледі.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - делінген «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-ның хабарламасында.