Алматыда қар тазалау жұмыстары қалай жүріп жатыр

13.11.2020 14:40

13 қарашада таңғы сағат 6:00-дегі жағдай бойынша көктайғаққа қарсы 1487 тонна материалдар пайдаланылды

Акимат Алматы

Алматыда 12 қарашада жаңбыр жауып, оның арты қарға айналды. Мамандардың айтуынша, түнде қалаға 4-7 см, ал таулы аймақтарға 10-12 см қар түскен, деп хабарлайды Almaty.tv.

Көктайғақтардың алдын алу үшін қар жауған кезден бастап жолдарға, қиылыстарға, жолайрықтарының кіреберістеріне көктайғақтарға қарсы материалдар себіліп, қар тазартылды.

13 қарашада таңғы сағат 6:00-дегі жағдай бойынша көктайғаққа қарсы 1487 тонна материалдар пайдаланылды. 

Сондай-ақ, тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, автотұрақ қалталарын тазарту жұмыстары жалғасуда.

Қаладағы қар тазалау жұмыстарына 567 техника бірлігі, оның ішінде 174 құмлақтырғыш және 1485 жол жұмысшылары жұмылдырылды. Аудандық әкімдіктер мен қала әкімдігінде қар тазалау жұмыстарын тәулік бойы  бақылайтын кезекшілік ұйымдастырылады.