Түрксіб ауданында 24 км жол орташа жөндеуден өтеді

30.03.2023 14:43

Бұл туралы Ерболат Досаев Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтты

altoconstruction.com

Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездесуде Алматы әкімі Ерболат Досаев қысқы кезеңнен кейінгі жолдардың жай-күйі мәселесін шешудің өзекті екенін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«2023 жылы магистральды көшелерде, оның ішінде Бұқтырма, Майлин, Бекмаханов және Сүйінбай даңғылында 24 км жолға орташа жөндеу және 20 мың шаршы метрден астам жолға жөндеу жүргізіледі», – деді қала әкімі.

Ерболат Досаев 2022 жылы ауданда 13 км жол орташа жөндеуден және 16 мың шаршы метр жол ағымдағы жөндеуден өткенін атады. Сонымен қатар, 11 көшеде 9 км жаяу жүргінші тротуары салынды.