Жыл басынан Алматы соттары нысандарды бұзу туралы қанша талап арызды қарады

29.12.2023 14:43

Биыл барлығы 22 нысан толық немесе жартылай бұзылды

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Биыл жыл басынан бері Алматы қаласының соттарына заңнама мен құрылыс нормаларының талаптарын бұзғаны үшін 174 талап арыз жіберілді, деп хабарлайды қала құрылысын бақылау басқармасы, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның 86-ы нысанды толық немесе жартылай бұзуға қатысты.

Қазіргі таңда 41 талап арыз қанағаттандырылды, тағы 45 нысанды бұзу бойынша сот талқылауы жүріп жатыр.

Олардың ішінде көппәтерлі тұрғын үйлер, әкімшілік ғимараттар, тұрғын емес үй-жайлар мен қосалқы ғимараттар, дәмханалар мен мейрамханалар, сауда павильондары, көлік жуу орындары және басқа да құрылыс нысандары бар.

Басқарманың мәліметінше, 2023 жылы барлығы 22 нысан толық немесе жартылай бұзылды.

Оқи отырыңыз: Алматы автопаркіне газбен жүретін жаңа автобустар келді

Теги: застройка