Алматыда қар тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр

Стоп кадр видео
Стоп кадр видео
Көктайғақтың алдын алу мақсатында қар жауа бастаған сәттен бастап қаланың жоғарғы бөлігінде жолдарға, жол қиылыстарына көктайғаққа қарсы материалдар себіліп, қар тазалау жұмыстары басталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласында 2021 жылғы 15 қарашадағы түнгі кезеңде қар тазалау бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қаласының Тұрғын үй саясаты басқармасына сілтеме жасап.

15 қараша күні сағат 01.00-ден бастап Алматының таулы аудандарында қар жауа бастады. 15 қараша күні сағат 09.00-дегі жағдай бойынша қаланың тау бөктерінде 5-8 см, тауларда 40 см-ге дейін қар түскен. Жауыннан кейін Сағат 07.00-ден жаңбыр аралас қар жауа бастады.

Көктайғақтың алдын алу мақсатында қар жауа бастаған сәттен бастап қаланың жоғарғы бөлігінде жолдарға, жол қиылыстарына көктайғаққа қарсы материалдар себіліп, қар тазалау жұмыстары басталды. Аудан мен қала әкімдігінде қар тазалау жұмыстарының өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

Тротуар, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, «қалталарды» және басқа да жалпы пайдалану орындарын тазалауға ерекше көңіл бөлінді. Түскен жапырақтарды жаппай жинау ұйымдастырылды.

Түнгі уақытта 498 бірлік техника жұмылдырылса, оның ішінде 178 құм шашқыш пен 280 жол жұмысшысы бар.

Сағат 09.00-дегі жағдай бойынша 920 тонна тайғаққа қарсы материал пайдаланылды.

15 қараша күні таңертең 545 бірлік техника, оның ішінде 197 құм шашқыш пен 1494 жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Қазгидрометтің болжамы бойынша жауын-шашын бүгін түстен кейін аяқталады.

Новости партнеров