1 қыркүйекте Алмалы ауданының әкімдігі 17 жобаны қамти отырып, "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасының 2-кезеңін іске асыруды бастайды. Бұл туралы әкім Ерболат Досаев халықпен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Атап айтқанда, 11 жоба – аула кеңістігін жаңғырту, 5 жоба қоғамдық кеңістікті өзгертуге және Жібек Жолы жаяу жүргіншілер көшесінің бойында экоурна орнатумен 1 экологиялық жобаға бағытталған", - деп атап өтті ол.
Еске салсақ, Алмалы ауданында ағымдағы жылы “Халық қатысатын бюджет" бойынша 34 жоба 2 кезеңде іске асырылады. Тұрғындардың 17 жобасын қамтитын 1-кезең аяқталды. Жеңімпаз жобалардың қатарына АЗТМ скверін АВТО суару құрылғысымен абаттандыру және көгалдандыру, "Прокофьев" бульварын көгалдандыру және АВТО суару және т.б. кіреді.