Workout-аймақтар жаңадан салынады
Алматының білім беру ұйымдарында жаңа спорт алаңдары модернизациялануда, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Бұл салауатты өмір салтын қалыптастыру, балалардың спортпен шұғылдануына жақсы жағдай жасау және жалпы олардың дене шынықтырумен қамтылуын арттыру мақсатында жасалады.
Бүгінде бюджет есебінен қаланың 46 мектебінде спорт алаңдары модернизацияланды. 2021 жылы 31 мектепте, 2022 жылы 15 мектепте модернизациялау жүргізілді. Ағымдағы жылы спорт алаңдарын модернизациялау 19 мектепте жүргізілуде, оның 6- да жұмыс аяқталды.
Модернизациялау барысында футбол, баскетбол, волейбол алаңдары, workout-аймақтар жаңадан салынады, жүгіру жолдарының резеңке жабыны, баскетбол қалқандары, волейбол тіректері, футбол қақпалары, гимнастикалық құрылымдар мен орындықтар жаңарды.
Әрбір спорт алаңы бойынша жеке есептеулер жүргізіліп, эскиздік жобалар әзірленді. Мектеп жанындағы спорт алаңдарының географиялық ерекшеліктері мен техникалық мүмкіндіктері ескерілді.
Осылайша, Алматы әкімдігі ҚР Үкіметінің «Денешынықтыру мен бұқаралық спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі кешенді жоспарын бекіту туралы» қаулысын іске асырады.
Оқи отырыңыз: Алматыда зейнеткерлерге арналған экскурсия басталды