|
22.11.2022 | 09:51
1602

"Медеу" мұз айдынындағы автотұрақ тегін болады

Бірақ аспалы жол аумағындағы шлагбаумды тұрақтар әлі де ақылы

"Медеу" мұз айдынындағы автотұрақ тегін болады tengrinews.kz

22 қазаннан бастап "Медеу" мұз айдынындағы автотұрақ тегін болады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Kolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Мұз айдыны маңындағы автотұрақ қана емес, оны бақылайтын камералар да алынды. AParking компаниясы хабарлағандай, енді мұз айдыны жанындағы алаңға көлікті тегін қоюға болады. Бірақ аспалы жол аумағындағы шлагбаумды тұрақтар әлі де ақылы.

Жеңілдік қанша уақытқа созылатынын компания айтқан жоқ. Дегенмен тұрақ жабдықтарын алып тастағанын ескерсек, «Медеудегі» автотұрақ бір айдан аса тегін болатын шығар.

«Медеу» маңындағы тұрақ 2021 жылы көктемде ақылы болған. Бағасы — сағатына 100 теңге. AParking осы арқылы демалыс орны аумағын тәртіпке келтіруді көздеген.

Бұрын AParking компаниясына тиесілі болған барлық ақылы тұрақ қала меншігіне өтті. 

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир