Бостандық ауданы мектептеріндегі орын тапшылығы қалай шешіліп жатыр

фото из открытых источников
фото из открытых источников
Бұл туралы Ерболат Досаев аудан халқымен кездесуінде айтып берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өткен жылдарда көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің көптеп салынуынан Бостандық ауданы мектептеріне едәуір салмақ түсіп жатыр. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев аудан халқымен кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, аудан мектептеріндегі орын тапшылығын азайту үшін 1 қыркүйекте №146, 191, 125 мектептерге 875 орындық қосымша құрылыс аяқталды.


 №81, 40, 45 мектептерін сейсмикалық күшейтіп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

"30 қарашаға дейін «Орбита-3» ықшамауданындағы №145 мектепті сейсмикалық күшейту және №9 арнайы коррекциялық мектеп-интернатқа қосымша салынған 120 орындық құрылыс аяқталады", - деді мегаполис басшысы.

Сондай-ақ 2022 жылғы қараша айында «Қазақфильм» ықшамауданындағы №70 мектепті сейсмикалық күшейту басталады.

Әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде «Базис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1 қазанда №65 мектепке 300 оқушы орындық қосымша құрылыс салуға кірісті.

Оқушы орындарының тапшылығын одан әрі төмендету мақсатында бүгінгі таңда құрылыс компанияларында келесі жаңа жобалар қарастырылған:

1) қала әкімдігі "Жайлы мектеп" ұлттық жобасын іске асыру аясында 2000 орындық мектеп салу үшін ауданы жоспарлауда;

2) "РАМС Қазақстан" ЖШС 2023 жылғы қыркүйекте Жандосов көшесі, 94 (2022 ж.басы – мамыр) бойынша 1 100 орындық мектеп құрылысын аяқтайды, сондай-ақ ағымдағы жылғы желтоқсанда 240 орындық 2 балабақша құрылысын бастайды.


Новости партнеров