Алатау ауданындағы 19 маршрут жаңартылады

Almaty.tv
Almaty.tv
Алматыда биыл 600 автобус сатып алу жоспарлаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда биыл 600 автобус сатып алу жоспарлаған, оның 200-і Алатау ауданындағы 19 маршрутты жаңартуға бағытталады. Бұл туралы аудан әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv

Жеке тасымалдаушылар 4-тоқсанға дейін 73 автобус сатып алады. Олар 7 маршруттағы (№18, №19, №46, №98, №99, №109, №122) жаңартуды жоспарлап отыр.

«Біздің алдыңғы кездесулерімізде сіздердің өтініштеріңіздің дені кейбір маршруттардың қолайсыздығы мен жоспарланған қозғалыс аралығының сақталмауы сияқты қоғамдық көлік жұмысының  сапасына қатысты болды. Сондықтан біз бұл мәселелерді шешіп жатырмыз», - деді әкім.

Қала басшысы 2022 жылы әкімдік 450 жаңа автобус сатып алғанын, оның 92-сі (20%) Алатау ауданына берілгенін хабарлады.

Новости партнеров