Алмалы ауданында 700 жаңа бейнекамера орнатылады

09.03.2023 в 14:53

Бұл туралы кездесу барысында Ерболат Досаев айтты

Бүгін қала әкімі Алмалы ауданы тұрғындарымен кездесіп жатыр. Кездесу барысында Ерболат Досаев мегаполиске жаңа бейнекамералар орнатылатынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 2022 жылы 541 СВМ бейнекамерасы орнатылды. Қосымша 700-800 жаңа бейнекамера орнату жоспарлануда. Жол қауіпсіздігін жақсарту мақсатында қазіргі 178 "Сергек" кешеніне 2023 жылдың бірінші тоқсанында тағы 38 кешенді қосу жоспарланған", деді қала әкімі.