Бақытжан Сағынтаев алматылықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады

21.03.2021 в 16:19

Бәріміздің асыға күтетін Наурыз – табиғаттың қайта түлеп, жаңаратын кезі

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев алматылықтарды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен  құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы шаһар басшысы өзінің Instagram-дағы ресми парақшасында жазды.

«Бәріміздің асыға күтетін Наурыз – табиғаттың қайта түлеп, жаңаратын кезі. Әр үйде амандық пен молшылық, бақ-береке орнасын. Барша қала тұрғындарына зор денсаулық, жан жылуы мен үміт лебін ала келуін тілеймін!», – деді Б.Сағынтаев.