Әуезов ауданының жол-көлік инфрақұрылымы қалай дамып жатыр

13.10.2022 14:55

Әуезов ауданында ұзындығы 24,5 км болатын 22 көше мен өтпе жолдарда орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

aikyn.kz

Бұл туралы Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қала әкімінің айтуынша, жыл басынан бастап Әуезов ауданында ұзындығы 24,5 км болатын 22 көше мен өтпе жолдарда орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бүгінгі таңда ұзындығы 17,9 км болатын 20 көше мен өтпе жолдарда жұмыс аяқталды.

Осы жылы қараша айының соңына дейін Саин (4,7 км) және Навои (1,8 км) көшелерінде орташа жол жөндеу жұмыстары аяқталады.

Ауданы 16,8 мың кв. метр болатын 60 көше учаскелеріне ағымдағы жөндеу жүргізілді.

"Көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында Саин көшесінің батыс жағынан Жандосов пен Шаляпин көшелерінің арасына және Қабдолов көшесінің оңтүстік жағынан Саин көшесі мен Алтынсарин даңғылының арасына 2 жаңа аялдама кешенін орнату жұмыстары жүріп жатыр. Жұмыстар 2022 жылдың соңына дейін аяқталады", - деп мәлімдеді Досаев.

Оның айтуынша, қажеттілікке байланысты 2023 жылы Өтеген батыр көшесінің батыс жағынан Абай даңғылы мен Қуанышбаев көшесінің арасына, Төле Би көшесінің оңтүстік және солтүстік жағы – Отар көшесінің бұрышына 3 қосымша аялдама орнату жоспарланған.