Сайран су қоймасының түбін механикалық тазалауға жобалау-сметалық құжаттама әзірленді
Сайран көлін қайта құру жоспарланып отыр. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Сайран көлі тұрғындардың сүйікті демалыс орындарының бірі болып қала береді. Сайран су қоймасының түбін механикалық тазалауға жобалау-сметалық құжаттама әзірленді, тазалау жұмыстарын жыл соңында бастауды жоспарлап отырмыз", - деді Ерболат Досаев.
Сондай-ақ, Сайран көлін қайта құруға және оған іргелес аумақты абаттандыруға жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Ол аяқталғаннан кейін 2023 жылдың II тоқсанында жөндеу жұмыстары басталады.