Бағалардың сақталуын бақылауды Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының мамандары, аудандық әкімдіктермен бірлесіп жүзеге асырады
Алматы қаласы әкімдігінің қаулысымен ақ қырыққабаттың шекті рұқсат етілген бөлшек сауда құны белгіленді. Тиісті қаулы 2021 жылғы 18 тамызда күшіне енеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Құжатқа сәйкес, «ақ қырыққабат» әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағасы 30 күнтізбелік күн мерзімге 83 тг/кг мөлшерінде белгіленеді.
«Аталған шара нарықтағы өнім құнын тұрақтандыруға және сатушылардың бағаны негізсіз көтеруіне жол бермеуге бағытталған. Бұрын Алматыда осындай реттеу тетігін қолдану оң нәтиже көрсеткен. Жұмыртқаға (I санаттағы) шекті бағаны белгілеу қалада он өнімнің орташа құнын 500-ден 487 теңгеге дейін төмендетуге мүмкіндік берді», – делінген хабарламада.
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Бағалардың сақталуын бақылауды Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының мамандары, аудандық әкімдіктермен бірлесіп жүзеге асырады.
Бұзушылық 100 АЕК-ке (291 700 теңге), аталған әрекеттер жыл ішінде қайталап жасалған жағдайда 200 АЕК-ке (583 400 теңге) дейін айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады.