Жұмыстарды аяқтау шілденің соңына жоспарланған
Алматының Жетісу ауданында күрделі жөндеу аясында Көкжиек шағынауданындағы Есентай өзенінің жағасында Kokjiek Garden саябақ аймағы салынуда. Жалпы ұзындығы 1,7 км құрайды.
Бұған дейін бұл учаске мүлдем абаттандырылмаған: аймақ Гамарник көшесінен Көкжиек шағынауданына жол жабыны жоқ автомобиль жолы ретінде қызмет еткен.
Гамарник көшесінің тұрғындары Жетісу ауданының әкімдігіне осы учаскені абаттандыру туралы өтініш білдірді. Аудан әкімі Гүлнар Көкебаеваның тапсырмасы бойынша Көкжиек шағынауданынан Кемел шағынауданына кедергісіз және қауіпсіз өтуге мүмкіндік беретін жайлы жағалау аймағын салу туралы шешім қабылданды.
Қазіргі уақытта төсеніш төсеу, асфальттау, Есентай өзенінің бойында қоршаулар, жаяу жүргіншілер көпірлері, 210 жарықтандыру тіректері, балалар, спорт және коньки алаңдарына негіздер дайындау жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ ұзындығы 10 км авто суару салынады. Жұмыстарды аяқтау шілде соңына жоспарланған.
Kokjiek Garden саябақ аймағы іргелес тұрғын үй алаптарының тұрғындарын демалыс үшін қолайлы жағдаймен қамтамасыз етеді: балалар және спорт алаңдары бар жаңа қоғамдық кеңістік, коньки алаңы, жаяу жүргіншілер жолдары және өзен жағасында демалыс аймағы пайда болады. Бұрын хабарланғандай, Есентай өзенінің бойында жалпы ұзындығы 1,2 км болатын тағы бір жаңа қоғамдық кеңістік салынуда. Саябақ аймағы Черновицкая көшесінің бойымен Самырсын көшесіне дейін созылады. Құрылыс биылғы шілде соңында аяқталады.
Айта кетейік, Жетісу ауданының әкімі лауазымына Гүлнар Көкебаева 2020 жылдың қазанында тағайындалған болатын.