Кездесу сағат 15.00-де өтеді
26 мамыр сағат 15:00-де Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданы тұрғындарымен кездеседі, деп хабарлайды Almaty.tv.
Кездесу Жетісу ауданындағы Гончаров көшесі, 23 мекенжайы бойынша орналасқан №109 жалпы білім беретін мектепте өтеді.
Бұл - қала әкімінің тұрғындарымен бесінші кездесуі. Жыл соңына дейін барлығы 24, яғни әрбір 8 ауданның тұрғындарымен тоқсанына кемінде бір кездесу өтеді.
Қала әкімінің Наурызбай ауданы тұрғындарымен кездесуін осы сілтемеден көре аласыздар.