Жұмысты қарашаға дейін аяқтау жоспарланған
Алматы қалалық мобильділік басқармасы Медеу ауданындағы ұзындығы 32 км 37 көше бойынша жолдарды орташа жөндеуді бастайды, деп хабарлады әкім Ерболат Досаев халықпен кездесуде, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның айтуынша, жұмысты қарашаға дейін аяқтау жоспарланған.
"Мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру аясында биыл барлық аудан әкімі 1 сәуірден бастап жолдарға ағымдағы жөндеу жұмыстарын өздері жүргізуде. Жаңа функцияны іске асыру үшін Медеу ауданына 500 млн теңге бөлінді, бұл 50 мың шаршы метр жол төсемін жөндеуге мүмкіндік береді", - деп атап өтті Ерболат Досаев.