Алматыдағы эпидахуал: Бүгін сағат 11:00-де қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен онлайн-брифинг өтеді

02.04.2021 15:00

Брифинг көрсетілімін «Алматы» телеарнасынан көре аласыздар

Бүгін Алматыдағы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен «Қаладағы эпидемиологиялық жағдай және COVID-19-дың одан әрі таралуына жол бермеу шаралары» жөнінде онлайн-брифинг өтеді.

Брифинг көрсетілімін «Алматы» телеарнасы, сондай-ақ Алматы әкімдігі өңірлік коммуникациялар қызметі және Open Almaty-ның Facebook-тегі ресми парақшасынан көруге болады.