Ержан Бабақұмаров алматылық еріктілерге COVID-19-ға қарсы күреске қосқан үлесі үшін наградалар табыс етті

10.02.2021 15:00

Өз кезегінде еріктілер пандемия кезіндегі қызметі туралы алғыстарын білдіріп, өз әңгімелерімен бөлісті

Акимат Алматы

Бүгін Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан қала еріктілеріне «Халық Алғысы» медалін, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын, сондай-ақ қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың алғыс хаттарын табыс етті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сонымен қатар, қала белсенділеріне ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой атынан пандемиямен күрестегі қажырлы еңбегі, мұқтаж жандарға қамқорлық жасауға және дәрігерлерге қолдау көрсетуге белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттар табыс етілді.

«Қаланың барлық тұрғындары, бүкіл ел және әлем халықтары сияқты, қиын кезеңдерді бастан өткеруде. Тек бірлік пен алматылық ынтымақтастықтың арқасында біз қиындықтарды бірге еңсереміз. Бұл күндері қала тұрғындары бір-біріне өзара көмек пен қолдаудың жарқын үлгісін көрсетті», — деп атап өтті Ержан Бабақұмаров қаланың пандемиямен күресіне қосқан үлесі, көрсеткен жанашырлығы, жауапкершілігі, батылдығы мен мейірімділігі үшін алғысын білдірді.

«Халық Алғысы» медалімен белсенділер М. Ізмакова — №1 балалар үйінің балаларына, Г. Бақбергенова — аз қамтылған және көп балалы отбасыларға әлеуметтік көмек көрсеткені үшін марапатталды. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары Б. Кенішқалиев пен А. Әбішев болды. Қала әкімінің атынан алғыс хаттар қоғам қайраткерлері А. Әлжанова мен И. Виговскаяға, Қызыл Ай еріктілері А. Журсиналиеваға, Қазақстан Еріктілер лигасы — Б. Анарбаеваға, «Клуб добряков Алматы» жетекшісі — М. Мырзахметоваға, «Дарим  радость» қорының жетекшісі — К. Ударцева,  «Lider.kz» ҚҚ мүшесі Р. Тохтабакиева, сондай-ақ белсенділер А. Мұхамеджанов, Б. Құсайынов, Р. Сармурзаков және т. б. қатысты.

Жалпы, пандемия кезінде халыққа түрлі көмек көрсеткен қоғамдық ұйымдардың 30-дан астам өкілінің еңбегі атап өтілді.

Өз кезегінде еріктілер пандемия кезіндегі қызметі туралы алғыстарын білдіріп, өз әңгімелерімен бөлісті. Мысалы, азаматтық белсенді, «АгжП ҒО» АҚ тәуелсіз директоры Аида Альжанова және ТРИЗ-фасилитатор, халықаралық аккредитациясы бар медиатор, БӘЖК Бақылау кеңесінің мүшесі Ирина Виговская әкімдік пен медициналық қоғамдастықтың бірлескен қызметі, атап айтқанда, виртуалды Қоғамдық медициналық кеңесті құру және оның жұмысы тәжірибесімен бөлісті.

«Біз марапаттар үшін жұмыс істемейміз. Бірақ біздің жұмысымызды көріп,  бағалағаны әрқашан жағымды. Дегенмен, адамдар біздің жұмыс істейтінімізді байқайды және қоғам көреді. Бұл-ең бастысы», — деді қоғамдық бірлестіктің еріктісі «Lider.kz» Раногуль Тохтабакиева өзінің еңбегінің бағаланғаны алғысын білдірді. Пандемия кезінде осы ұйымның еріктілері Алматы қаласы мен облыстағы қарт адамдарға азық-түлік, дәрі-дәрмек таратуға көмектесті.

Қазақстанның Қызыл Жарты Ай қоғамының өкілі Ләззат Ибрагимова пандемия кезінде 16 мыңнан астам отбасы бірінші кезекте жалғыз басты зейнеткерлерге, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға азық — түлік жиынтықтарымен қамтамасыз етілгенін хабарлады. Сондай-ақ, ұйым COVID-19 таралуын болдырмау үшін санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтаудың маңыздылығы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізеді.

«Бүгінгі марапаттау өте жақсы өтті. Карантиндік шараларға қарамастан, бәрі жақсы деңгейде өтті. Дарын сыйлығына келетін болсақ, лауреаттар шынымен де лайықты деп санаймын», — деп бөлісті Бексұлтан Кенішқалиев.

Айта кету керек, іс-шара санитарлық нормаларды, соның ішінде әлеуметтік қашықтық пен маска режимін қатаң сақтауда өтті.