Алматы әкімі Жетісу ауданындағы ипподром жағдайына түсініктеме берді

28.03.2024 15:01

Ол қаланың бас жоспарында 2040 жылға дейін "ипподромды пайдалану үшін" учаскенің нысаналы мақсаты бекітілгенін атап өтті

Алматы әкімдігі / пресс-служба акима Алматы

Алматы әкімі Жетісу ауданындағы ипподром жағдайына түсініктеме берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жетісу ауданы тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев ипподром аумағында құрылыс салу мүмкіндігі туралы сұраққа жауап берді.    

Ол қаланың бас жоспарында 2040 жылға дейін "ипподромды пайдалану үшін" учаскенің нысаналы мақсаты бекітілгенін атап өтті.

"Егер жер иелерінің бірі - құрылыс жүргізу жоспарын айтса, бұл солай болады дегенді білдірмейді. Барлығы бас жоспарға сәйкес заң аясында болады", - деді Ерболат Досаев.

Оқи отырыңыз: Алматының Жетісу ауданында әлеуметтік инфрақұрылым қалай дамып жатыр