Алматы мен Мехико, Монтеррей арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

@sagintayev_b
@sagintayev_b
Ортақ мүдде – сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық іс-қимылды, қалалық инфрақұрылымды дамыту
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Мексиканың Түркия мен ҚР-дағы Елшісі қызметін қоса атқарушы Хосе Луис Мартинес Эрнандеспен кездесіп, Алматы мен Мехико, Монтеррей арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Almaty.tv. Бұл туралы қала әкімі өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Мексиканың Түркия мен ҚР-дағы Елшісі қызметін қоса атқарушы Хосе Луис Мартинес Эрнандеспен кездестім. Алматы мен Мехико, Монтеррей арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Ортақ мүдде – сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық іс-қимылды, қалалық инфрақұрылымды дамыту», – деп жазды мегаполис басшысы. 

Новости партнеров