Алматыда 30 жаңа автобус жолға шығады

Almaty.tv
Almaty.tv
Барлық автобус төмен еденді, кондиционермен және пешпен жабдықталған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда 30 жаңа автобус жолаушылар тасымалына шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жеке тасымалдаушы «Мадина» ЖШС сыйымдылығы үлкен (100 адамға дейін) Yutong маркалы газбен жүретін 30 жаңа автобус (автобустың ұзындығы – 12 метр) сатып алды. Барлық автобус төмен еденді, кондиционермен және пешпен жабдықталған.

Аталған автобустар есебінен №128 және №72 маршруттар жаңартылады. №128 маршрутта 17, ал №72 маршрутта 9 автобус жаңартылады. Қолданыстағы автобустар №25 маршрутқа бағытталады.

Жалпы, субсидиялау шарты бойынша тасымалдаушылар әр 7 жыл сайын жаңа автобустар сатып алады. Биыл жеке автопарктер 355 жылжымалы бірлік сатып алды, соның есебінен 22 маршрут жаңартылып, 9 жаңа маршрут іске қосылды.

Анықтама үшін:

Жаңа маршруттар: № 9, 43, 49, 213, 223, 230, 233, 236, 240.

Жаңартылған маршруттар: № 8, 13, 15, 17, 24, 29Р, 37, 38, 46, 47, 53, 65, 69, 88, 109, 115А, 119, 122, 125, 131, 207, 212.

Новости партнеров