Алматыда жаңа демалыс аймағы ашылды

05.09.2023 15:03

Жаңа демалыс аймағы бірден көгалдандырылды

әкімдіктің баспасөз қызметі / пресс-служба акимата

Қала әкімінің тапсырмасы мен тұрғындардың өтініші бойынша 2022-2023 жылғы жөндеу аясында Алатау ауданы Ақбұлақ шағынауданы Аханов көшесі бойында ұзындығы 450 метр болатын, бір мезгілде 700 адамды қабылдайтын демалыс аймағын абаттандыру жүргізілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

6000 шаршы метрден астам аумақта серуендеу жолдары төселіп, орындықтар мен урналар, көше жарығы, пергала орнатылды. Бұқаралық спортты дамыту үшін футбол, баскетбол алаңдары, үстел теннисіне арналған екі үстел, сондай-ақ кеме тәрізді балалар ойын алаңы салынды.

Құрылысшылар Мемлекеттік туға арналған бағана да орнатты.

Жаңа демалыс аймағы бірден көгалдандырылды. Жұмысшылар қылқан жапырақты ағаштарды отырғызып, 500 шаршы метрден астам жер көгалданды.