Сорғы станциясын қайта құрылымдау кезеңінде тұтынушыларды ыстық сумен қамтамасыз ету үшін шектеулер енгізіледі
Алматы қаласы Жетісу ауданының бірқатар ғимараты бір күнге ыстық судан ажыратылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Алматы жылу жүйесі» ЖШС сілтеме жасап.
"19 мамыр сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін Жетісу ауданының Жұмабаев – Северное кольцо – Павлодар-Палладина көшелерінің контурында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарда ыстық су болмайды.
Сорғы станциясын қайта құрылымдау кезеңінде тұтынушыларды ыстық сумен қамтамасыз ету үшін шектеулер енгізіледі.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - делінген хабарламада.