Алматыда «Бюджетке қатысу» жобасы бойынша өтінім қабылдау басталды

Алматыда «Бюджетке қатысу» жобасы бойынша өтінім қабылдау басталды
Өтінімдерді жинау 5 қазанға дейін жалғасады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда «Бюджетке қатысу» жобасы бойынша өтінім қабылдау басталды. Өтінімдерді жинау 5 қазанға дейін жалғасады, деп хабарлайды Almaty.tv. Бұл туралы қала әкімі өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді.

«Кез-келген адам қалалық ортаны дамытуға қатысты өз идеясын ұсына алады. Егер дауыс беру кезінде бастама басқа тұрғындар тарапынан қолдау тапса, ол қалалық бюджет есебінен жүзеге асырылады. Бір өтінім 55,5 млн тг аспауы тиіс. Қаржыландырудың жалпы көлемі 6,4 млрд тг, яғни әр ауданға 800 млн тг болмақ», – деді қала басшысы Бақытжан Сағынтаев.

Өтінімдерді қабылдау, дауыс беру және бастамаларды іріктеу budget.open-almaty.kz порталында онлайн түрде өтеді.



Посмотреть эту публикацию в Instagram

Алматыда «Бюджетке қатысу» жобасы бойынша өтінім қабылдау басталады. Өтінімдерді жинау 5 қазанға дейін жалғасады. Кез-келген адам қалалық ортаны дамытуға қатысты өз идеясын ұсына алады. Егер дауыс беру кезінде бастама басқа тұрғындар тарапынан қолдау тапса, ол қалалық бюджет есебінен жүзеге асырылады. Бір өтінім 55,5 млн тг аспауы тиіс. Қаржыландырудың жалпы көлемі 6,4 млрд тг, яғни әр ауданға 800 млн тг болмақ. Өтінімдерді қабылдау, дауыс беру және бастамаларды іріктеу budget.open-almaty.kz порталында онлайн түрде өтеді. —— В Алматы начинается сбор заявок по проекту «Бюджет участия». Сбор заявок будет продолжаться до 5 октября. Любой желающий сможет предложить свою идею по развитию городской среды. Если инициатива будет поддержана другими жителями в процессе голосования, ее реализуют за счет городского бюджета. Одна заявка не должна превышать сумму в 55,5 млн тг. Общий объем финансирования составит 6,4 млрд — по 800 млн тг на каждый район города. Прием заявок, голосование и отбор инициатив пройдут онлайн на портале budget.open-almaty.kz.

Публикация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b)27 Авг 2020 в 8:49 PDT



Новости партнеров