Қалада іскерлік белсенділік 53,3%-ға артты
Алматыда ШОБ субъектілерінің өнім шығаруы 15,8%-ға артты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
2023 жылы ШОБ субъектілері 19,3 трлн теңгенің өнімін шығарды. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 15,8% өсімге ұлғайған.
Қала тұрғындарының 90%-ға жуығын жұмыспен қамтып отырған ШОБ. Бұл 949,3 мың адам.
Өткен жылы белсенді жұмыс істейтін бизнес субъектілерінің саны 340,1 мың бірлікке жетіп, 2022 жылмен салыстырғанда 16,2%-ға артты. Жыл басынан бері олардың саны 3,4%-ға, яғни 348,9 мың бірлікке дейін өсті.
2024 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша Алматы қаласында іскерлік белсенділік 53,3%-ға артты.
Оқи отырыңыз: Алматыда соңғы 10 жылда экономиканың рекордтық өсуі байқалды