Әуезов ауданының бюджеті маусымда 25%-ға ұлғайтылды

18.07.2024 15:06

Бюджет қаражаты инженерлік және жол инфрақұрылымын дамытуға бағытталады

Almaty TV

Қала әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданы тұрғындарымен өткен есептік кездесуде ауданның экономикалық көрсеткіштері туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кездесуді ашқан қала басшысы тарихи тығыз қоныстанған Әуезов ауданында бизнес-ортаның белсенді дамып келе жатқанын атап өтті. Инвестициялар өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11%- ға өсіп, 37,4 млрд теңгеге жетті. Салық төлемдері 137 млрд теңгеге жетті, яғни 39%. Тек жарты жылдың ішінде 3 мыңнан астам жаңа тұрақты жұмыс орны ашылды.

Биыл аудан бюджеті 10 млрд теңгеге, ал 2023 жылы 26 млрд теңгеге ұлғайған еді. 2024 жылғы маусымда бюджет тағы 25%-ға ұлғайып, 45 млрд теңгені құрады.

«Бюджет қаражаты инженерлік және жол инфрақұрылымын дамытуға, сондай-ақ қоғамдық кеңістіктерді жайластыру жөніндегі жобаларды іске асыруға бағытталады», - деді Алматы әкімі.

Оқи отырыңыз: Алматыда Қожабеков көшесіндегі қозғалыс шектеледі