Сапалы сыртқы жарықтандыруды қамтамасыз ету мақсатында жыл басынан бері 1 846 шам ауыстырылды
Алматы әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесу барысында Бостандық ауданын тұрақты электрмен жабдықтау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды Almaty.tv.
«АЖК» АҚ осы күзде Мыңбаев, Жароков, Кекілбайұлы көшелері мен Гагарин даңғылы бойындағы 26 км электр желісін жаңғыртуды аяқтауды жоспарлап отыр. Бұл апаттық өшулердің санын едәуір азайтады.
Сапалы сыртқы жарықтандыруды қамтамасыз ету мақсатында жыл басынан бері 1 846 шам ауыстырылды. Күзде тағы 267 тірек пен шамдар орнатылады. Сондай-ақ 2024 жылдың соңына дейін 9 ескерткішке түнгі жарықтандыру орнату жоспарланған.
Жалпы, қала бойынша сыртқы жарықтандыру желілерінің ұзындығы 4,8 мың км. 2024 жылы аудандық әкімдіктерге тұрақты жарықтандыруды қамтамасыз ету үшін 9,9 млрд теңге бөлінді. Қабылданған шаралардың арқасында мегаполисте сыртқы жарықтандыру деңгейі 2024 жылы 85%-ға, ал 2025 жылы 100%-ға жеткізіледі.
Оқи отырыңыз: Алматының Бостандық ауданында жаңа бағдаршамдар орнатылды