Алматыда тегін мұз айдындары ашылды

23.12.2022 21:32

Мұз айдындары тәулік бойы жұмыс істейді

пресс-служба акима Алматы

Алматыда қала тұрғындары мен қонақтары үшін төрт жерде тегін мұз айдыны ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олар келесі жерлерде орналасқан:

- Тұңғыш Президент саябағының алдында;

- Республика Сарайының алдында;

- Әуезов ауданында Ықылас 8 д мекенжайы бойынша Таугүл ш/а;

- Шұғыла ш/а, 347 мекенжайы бойынша Наурызбай ауданы әкімдігінің алдында.

Келесі аптада Түрксіб ауданы Сейфуллин, 13 мекенжайы бойынша №6 Оқушылар үйінің алдында және Жетісу ауданында "Гүлдер" саябағында мұз айдындары ашылады.

Кіру – тегін, конькиді жалға алу құны (2 сағат) 1000 теңге. Конькимен келгендерге тегін.

Жалға беру пункттері жұмыс күндері 10:00-ден 22:00-ге дейін және демалыс күндері 10:00-ден 23:00-ге дейін ашық болады. 

Мұз айдындары тәулік бойы жұмыс істейді.