Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді
Алматы қаласының Медеу ауданында жайлы қалалық ортаны дамыту бойынша жұмыстар жалғасуда. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Ағымдағы жөндеу аясында 122 жобаны іске асыру жоспарлануда. Олардың ішінде 80 ауланы абаттандыру, 23 үйдің қасбеттерін жаңарту, 13 жер үсті және жерасты жаяу жүргіншілер өткелдерін жөндеу, 4 АВТО суару жүйесін қайта жаңарту және 2 қоғамдық кеңістікті абаттандыру. Жобаларды биылғы IV тоқсанда аяқтау жоспарлануда", - деп атап өтті Ерболат Досаев.