Алматыда күзгі кезеңде отандық фильмдердің ашық аспан астындағы тегін көрсетілімдері жалғасады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жыл сайын жаз маусымында қала еріктілері Жастар саясаты басқармасының қолдауымен фильмдер көрсетілімдерін ұйымдастырады. Бұл отбасымен қызықты уақыт өткізуге және отандық киноиндустриямен жақынырақ танысуға тамаша мүмкіндік.
Биыл көрсетілімдерге «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» АҚ қолдау көрсетіп, қазақстандық режиссерлердің фильмдерін тегін ұсынды. Сонымен қатар, кішкентай көрермендер үшін сүйікті балалар мультфильмдерінің көрсетілімдері ұйымдастырылды. Барлығы 10 000-нан астам адамға 50-ден астам көрсетілім өткізілді.
Фильмдердің апта сайынғы көрсетілімдері қаланың 8 ауданында өтеді және ауа райы ашық болғанша жалғасады.
Оқи отырыңыз: Тазы – ежелгі қазақы ит тұқымы: Халықаралық кинология федерациясы шешімін жариялады