Алматының Бостандық ауданында 65 көшеде жөндеу жұмыстары аяқталды
ашық дереккөз
Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесу барысында айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Бостандық ауданында жалпы ауданы 8 248 шаршы метр болатын 65 көшеде жөндеу жұмыстары аяқталды. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Біздің алғашқы кездесуімізде тұрғындар Асқаров және Биокомбинатская көшесіне жөндеу жұмыстарын жүргізуді сұраған еді. Бүгінгі күні бұл жұмыстар орындалды. Бұдан басқа, жалпы ауданы 8 248 шаршы метр 65 көшеде жөндеу жұмыстары аяқталды», – деді қала әкімі.
Оның айтуынша, қазіргі таңда 17 көшеде орташа жөндеу жұмыстары басталды, сондай-ақ тамыз айынан бастап 4 көшенің (Талапты, Рахмадиев, Арайлы көшелері, әл-Фараби даңғылы) асфальтын ауыстыру жоспарланып отыр. Аталған учаскелер қарашаға дейін толығымен аяқталады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
18.10.2026 13:27
Дәрігер қатерлі ісік тудыруы мүмкін өнімді атады
18.10.2026 11:40
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
18.10.2026 11:00
Ішкі түйсігіңізге сеніңіз: 17 қазанға арналған жұлдыз жорамал
17.10.2026 10:23