Наурызбай ауданында су құбырларының жұмысы қашан аяқталады

24.08.2023 15:11

Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев халықпен кездесуінде айтты

gov.kz

Ақжар, Шұғыла және Таусамалы ш/а жалпы ұзындығы 105,9 км су құбыры және кәріз желілерінің құрылысы жүргізілуде. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев халықпен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ақжар ш/а жоспарланған 34,7 км-ден 28 км су құбыры және кәріз желілері салынды, жұмыстарды қазанға дейін аяқтау жоспарлануда. Шұғыла ш/а бойынша қыркүйек айының соңына дейін 28 км су құбыры және кәріз желілерінің құрылысы аяқталады. Таусамалы ш/а бойынша жоспарланған 43,2 шақырымнан 38,6 шақырым су құбыры және кәріз желілері салынды.

Оның айтуынша, аталған жобалардың аяқталуы Наурызбай ауданының 55 мыңға жуық тұрғынын сумен жабдықтау және су бұру қызметтерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Теги: су құбыры