Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесу барысында айтып берді
Медеу ауданында қауіпсіздік қалай қамтамасыз етілген. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесу барысында айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Жыл соңына дейін аудан аумағында барлығы 355 камера орнатылады, оның ішінде сіздердің өтініштеріңіз бойынша Кеңсай шағынауданы мен «БХБ» және «Барвиха» барларының жанында камералар орнатылды. Жолдардың бойы мен көше қиылыстарында 123 «Сергек» камерасы бар. Қосымша тағы 58 камера орнатылады, бұл жұмыстар 2023 жылдың ІІ- тоқсанында аяқталады», - деді Ерболат Досаев.
Қала әкімі атап өткендей, өткен кездесулерде Кеңсай шағын ауданындағы ұялы байланыс пен интернет сапасын жақсарту мәселесі көтерілген еді.
Бүгінгі таңда «Кселл» ұялы байланыс операторының 2 базалық станциясы күшейтілді. Сонымен қатар, Beeline және Tele2 компаниялары жыл соңына дейін 2 станция орнатады. «Меганет» компаниясы талшықты-оптикалық байланыс желісінің кабельдерін тартып жатыр. Оны 2023 жылдың IV-тоқсанында аяқтайды. Мұзтау шағынауданында байланыс сапасын жақсарту бойынша осындай жұмыстар қолға алынған