Визит нүктенің ерекшелігі, граффити элементтерін қолданатын заманауи дизайнда
Биыл 15 мамырда Достық даңғылы мен Оспанов көшесінің қиылысында (Терренкурдың соңғы нүктесі) туристер үшін жаңа ақпараттық орталық ашылады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жұмыс уақыты сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін, демалыссыз жұмыс істейді.
Бұл Алматыдағы 9 жаңа туристік ақпараттық орталық болмақ. Визит нүктенің ерекшелігі, граффити элементтерін қолданатын заманауи дизайнда.
Ақпараттық орталықта қаланың көрікті жерлері туралы кәсіби кеңестер беріледі, саяхатшыларға карталар, нұсқаулықтар, маршруттар атластары мен өзге де қажетті материалдар беріледі.
Былтыр ақпараттық нүктелерге бару статистикасы шетелдік туристердің қалаға деген қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді. Өткен жылы Алматының ақпараттық нүктелерінде 21 391 шетелдік турист кеңес алды, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 80,3% артық. Ақпараттық нүктелердегі қызмет көрсету бойынша үздік 5 елге Германия, Үндістан, ҚХР, Ресей және Оңтүстік Корея азаматтары кіреді.
Оқи отырыңыз: Абай облысында бір ауыл алкогольден толықтай бас тартты